Облыстық «Асқақта бас қала- Астана» сайысының жеңімпаздары марапатталды
2018 жылдың 30 қарашасында Достық үйінде Павлодар облысының Қазақстан Халқы Ассамблеясының қолдауымен, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 14 сәуір-14 мамыр аралығында өткізілген «Асқақта бас қала- Астана» сайысының марапаттау рәсіміне Павлодар қаласының № 37 жалпы орта білім беру мектебінің 6 «А» сынып оқушысы Жиенбек Ерсұлтан және қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Гүлсім Амангелдіқызы Дюсенбина қатысты. Ақындық дарындылығымен көзге түскен Ерсұлтанды арнайы сыйлықпен марапаттады. Осындай жас таланттылар дарындылығын асыра берейік! Құттықтаймыз!