«Текстознайка» қалалық зияткерлік байқауы жүлдегерлері
![«Текстознайка» қалалық зияткерлік байқауы жүлдегерлері](/media/img/blogs/5cbd79ad7f4c9.jpg)
Ағымдағы жылдың сәуір айының 20-сы күні Павлодар қаласының №9 мектеп-гимназиясында 2-4 сыныптар оқушылары арасында «Текстознайка» қалалық зияткерлік байқауы өтті. Байқауға қаламыздың №37 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
І дәрежелі диплом иегері-2 «А» сынып оқушысы Қайратбек Мәулетбек болса, ІІІ дәрежелі дипломмен 4 «А» сынып оқушысы Серимбаева Алиша марапатталды. Өркендерің өссін, балапандар!