Дарынды балалармен жұмыс
25 қарашада өткен № 37 мектептің педагогикалық кеңесі «Дарынды балалармен жұмыс» тақырыбына арналды. Мұғалімдер пайдалы әдіс-тәсілдермен бөлісті.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ләйлә Өміржанқызы суреттерді қолдана отырып есте сақтау қабілетін дамыту туралы әңгімеледі. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Асель Сериковна гимназия-5 А сыныбындағы және 8 А сыныптарындағы ерекше жұмыстарымен бөлісті. Ол сонымен қатар мидың екі жарты шарын да дамытатын көрсетті, оқушылар шет тілін жақсы қабылдап, мидың шығармашылық бөлігін дамытады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәкен Балтекұлы әріптестерінің назарын қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне және қандай қиындықтар бар екендігіне аударды.
Химия пәнінің мұғалімі Салтанат Жасуланқызы 11 сыныптардағы үлгерімдері мен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық қорытындыларын қорытындылады.