1-желтоқсан Тұңғыш Елбасы күніне арналған 1-11 сыныптарда тәрбие сағаттары өтті.
2019 жылдың қараша айының 29-жұлдызында 1-желтоқсан Тұңғыш Елбасы күніне арналған 1-11 сыныптарда тәрбие сағаттары өтті. Оған 1002 оқушы қатысты. Ал 6 «А» сынып оқушылары Президент кабинетінде «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл шараға жетекшілік еткен мектебіміздің тарих пәні мұғалімі А.Е.Касымжанова. Дөңгелек үстел барысында оқушылар Елбасының балалық шағынан бастап, саяси еңбек жолдарын айтып өтті. Сабақ соңында Елбасымыздың ел алдында ерен еңбегі айқындалып, оқушылар пікір-таласқа түсіп ойларын ортаға салды.