Ұстаздардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі таныту және кәсіби өсуіне дем беру, мектепішілік мұғалімдердің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында әдістемелік семинар өткізілді.
Ағылшын тілі мұғалімі Қуанова Г.И. және информатика пәнінің мұғалімі Саметова З.Т. өздерінің шығармашылық және озық тәжірибелерін зерттеу бағытында жүргізілген жұмыстарымен бөлісті.
З.Т. Саметованың ИПТ тақырыбы : Робототехника - оқушылардың кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту жолы.
ИПТ негізгі идеясы: құрастырылған курс бағдарламаларын оқыту арқылы оқушылардың логикалық және шығармашылық ойлау қабілетін, өз іс-әрекетін болжай білу, мақсатқа жету және жұмысты аяғына дейін жеткізу қабілеттерін дамыту.
Зарина Төлегеновна оқушылардың курсқа іріктелу тапсырмаларына мысал келтіріп, робототехника сабақтарының әзірлемелерімен, қамтылған тақырыптарымен бөлісті. Бағдарламаның іске асыру нәтижесінде оқушыларда қалыптасатын дағдылары мен жетістіктерін атап өтті.
Ағылшын тілі мұғалімі Г.И. Қуанованың ИПТ тақырыбы : ағылшын тілі сабақтарында «оқылым» сөйлеу әрекеті арқылы оқушылардың оқу сапасын арттыру. Гульмира Имашевна жаңартылған білім беру мазмұнына сай ағылшын тілі пәні тыңдалым, айтылым, оқылым, жызылым дағдыларын дамытады. Осы төрт дағдының ішіндегі ең маңыздысы – оқылым дағдысы екенін атап өтті. Тиімді оқылым стратегияларын қолдана отырып, қалай оқушылардың оқу сапасын арттыруға, оқу сауаттылығын қалыптастырып дамытуға, сауатты жаза алуына ықпал жасауға болатыны жайлы тәжірибесімен бөлісті.
Мектеп мұғалімдерінің инновациялық педагогикалық тәжірибені қорғау бойынша нәтижелері әдістемелік кеңесте шығарылып, әдістемелік ұсыныстар берілді: қажетті құжаттарды жүйелендіру, нәтижелерді оқыту проблемалары бойынша басылымдар, әзірлемелер түрінде шығару.
Әдістемелік кеңестің мүшелері 2020-2021 оқу жылы қалалық деңгейде инновациялық педагогикалық тәжірибелерін сәтті қорғауға жолдама ретінде сертификат табыстады.