Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектепішілік Абай оқулары өтті
30-01-2020 16:55
Мектепішілік Абай оқулары өтті

              Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы - мәңгілік мұра.

             Осы орайда «Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы» қарсаңына орай бүгін  мектебімізде дәстүрлі «Абай оқулары» сайысы өтті.

             Мектебіміздің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері мен мектеп кітапханашысы Амренова Сауле Қажыбекқызының ұйымдастыруымен Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында дәстүрлі «Абай оқулары» мәнерлеп оқу байқауының мектепішілік кезеңі өтті.

            Байқау мақсаты: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген оқушылардың ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау, отансүйгіштік сезімді арттыру мақсатын көздейді. Байқауға 5-10 сынып оқушылары белсенді қатысып өз білімдері мен шеберліктерін көрсетті. Сайыс үш бөлімнен тұрды:

  • «Үздік ізденімпаз» (Абай 10 өлеңін жатқа мәнерлеп оқу)
  • «Қара сөз оқу шебері» (Абай қара сөздерін жақа айту)
  • «Көркем сөз оқудың шебері» (Абайдың 1 поэмасын жатқа айту)

        Әділқазылардың әділ шешімімен төмендегідей қортындылар жасалды:

  «Үздік ізденімпаз» (Абай 10 өлеңін жатқа мәнерлеп оқу)

І орын: Адылбекова Арайлым  9 «б» сынып

ІІ орын: Ыңғайбек Жұлдыз  6 «а» сынып

ІІІ орын: Дилдешбаева Даяна 7 «б» сынып

  «Қара сөз оқу шебері» (Абай қара сөздерін жақа айту)

І орын:Ыңғайбек Жұлдыз 6 «а» сынып

ІІ орын: Тоқташева Көркем 6 «а» сынып

ІІІ орын: Елемесова Дильназ 9 «б» сынып

  «Көркем сөз оқудың шебері» (Абайдың 1 поэмасын жатқа айту)

І орын: Смагулова Аяжан 9 «б» сынып

ІІ орын: Нұғыман Лейла 10 «а» сынып

ІІІ орын: Ыңғайбек Жұлдыз 6 «а» сынып

             Қазақтың атын өшірмей, шырағын жаққан, өзгелерге танытқан ақын атамыздың қазаққа қара өлеңімен сіңірген еңбегі мол. Абай атамыз біз үшін әрқашан дара, әрі дана болып қала бермек. Абай атамыздың өлеңдерінен нәр алған жас өркендердің өлең өнерінде шарықтап, өз орындарын табарына кәміл сенемін!