05.02.2020 жылы Павлодар қаласының № 17 мектебінде дәстүрлі М.Жүсіп оқулары өткізілді. Мақсаты: М,Жүсіп шығармашылығын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық мәдениет сезімін тәрбиелеу. Сайыс 4 бағыт бойынша өткізілді.
№ 37 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары «М.Жүсіп:өмірдің философиялық мәні, ізденістері» атты зияткерлік сайысына белсене қатысты. Нәтижесінде 1-бағыт «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген» бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Балғабаева Бахытгуль «Құрмет грамотасына » ( мұғалімі Г.А.Дюсенбина), «Білімді, зерек адам болам!» бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Татымбек Аянат 1-орынға (мұғалімі Т.Т Акпарова), «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағыты бойынша Сурумбетова Камила 2-орынға (мұғалімі С.Б.Умрахимов) ие болды. Сурумбетова Камила және Татымбек Аянат облыстық оқуларға қатысады. Жеңімпаздарымызға сәттілік тілейміз!