Есте сақтаймыз
7 мамыр күні біздің мектепте ұлы мереке Жеңіс Күніне арналған концерт өтті. 66 жыл бұрын совет әскерлері фашистік Германияны жеңді. Мерекелік бағдарламаны 7 «Г» сынып оқушылары қойды. Балалар соғыс жылдарының өлеңдерін айтты, тақпақтар оқыды. Концертке Ұлы Отан Соғысының екі ардагері қатысты. Кеме артеллериясында қызметін өтеген Никифор Васильевич- 20 жыл біздің мерекелік концерттерімізге келеді. Сержант Владимир Алексеевичтің сөзі бойынша, біздің мектептің балалары соғыс тақырыбына үлкен жауапкершілікпен қарайды, олар бізге бейбітшілік пен келісім сыйлаған батырларды біледі және мақтаныш етеді.