Назар аударыңыздар, құрметті ата-аналар! Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына және ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы 564 бұйрығына байланысты EGOV.KZ порталы арқылы 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жүргізіледі. Өтініш беру үшін ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болуы қажет. Қабылдау мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытылатын сыныптарда жүзеге асырылады.
1 сыныпқа қабылдау үшін құжаттар тізімі:
- ата-аналардың (немесе оларды алмастыратын адамдардың) өтініші электрондық түрде қалыптастырылады);
- О65/у - "Екпе картасы"
- О52-2/у - " Бала денсаулығының паспорты"
- 3х4 екі фотосурет.
Барлық құжаттар сканерленіп, порталда тіркелуі керек. Электрондық жүйе арқылы қабылданған оқушылар үшін мектепке құжаттардың қағаз нұсқасы 2025 жылғы 1 маусымнан бастап ұсынылады (құжаттар тізімі бірдей).
Туындаған сұрақтар бойынша сіз байланыс орталығына 677702 телефоны бойынша хабарласа аласыз.