Областной форму учителей казахского языка и литературы
5 қыркүйекте Павлодар қаласының №7 мектебінің базасында Өрлеу-Павлодар филиалының педагогика және пәндік әдістемелер кафедрасының ұйымдастырумен «Оқу мақсаттарын іске асыруда құндылықтардың алатын орны» атты қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық форум өтті. Оған облысымыздың түкпір-түкпірінен 90-ға жуық тіл жанашыры қатысты.
Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Шоманова М.С., Абельдинова А.С., Кабдыкаримова А.А. қатысып, тәжірибе алмасты.
Ұстаздар «Тіл-ұлттық құндылықтың бірегейі» және «Ұлттық құндылықты дәріптейік!» атты екі тақырыптық алаңға бөлініп, шеберлік-сағаттар ұйымдастырды. Тәжірибе алмасқан мұғалімдер өз сабақтарында оқушылар бойында ұлттық құндылықтарды дәріптеудің, насихаттаудың жолдарымен бөлісті.
Форум соңында белсенділік танытқан мұғалімдерге сертификаттар мен куәліктер тапсырылды. Іс-шара қатысушылардың көңілдерінен шығып, бұндай форумды дәстүрлі шараға айналдыру керектігі жайында лебіздерін білдірді.