Алматы қаласында 2024 жылғы 24-28 наурыз аралығында Haileybury Almaty мектебінде 9-11(12) сынып оқушылары арасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиадасы өтті.
География (152 қатысушы) және информатика (143 қатысушы) пәндері бойынша 295 облыстық кезең дүлділдері жарысты.
Қатысушылармен қатар өз жұмысын өңірлік мұғалімдер-тәлімгерлер үшін олимпиадалық тапсырмаларды республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға дайындау мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Павлодар облысының намысын облыстық олимпиаданың 7 оқушысы қорғады.
Қиын және қызықты күрес барысында Павлодар қаласы гимназиялық сыныптары бар инновациялық үлгідегі №39 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Соколов Вячеслав алтын медаль жеңіп алды. Дайындаған:Жумабаева Асия Камалиденовна.
Құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!
Алматы қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиада.