ҮЗДІК КӨШБАСШЫ

2025 жылы 30 қаңтар күні Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы базасында «Мен – тиімді көшбасшымын» облыстық конкурсының күндізгі туры мен финалын өткізді.
Павлодар облысының білім беру ұйымдарының басшылары арасында өткен «Мен - тиімді көшбасшымын» конкурсының финалдық туры нәтижесі бойынша жеңімпаз бен мен жүлдегерлер анықталды.
Павлодар қаласының №39 инновациялық үлгідегі гимназия сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебінің басшысы Ахмадова Зауреш Дауленовна БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды.
Мектебіміздің тамаша жетістігімен құттықтаймыз және жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!