Поэзия марафоны
«Менің сүйікті кітабым – Абай шығармалары» республикалық байқауы және Ұлттық кітап күні аясында 21 сәуірде мектепішілік іс-шара – поэзия марафоны өтті.
3-9 сынып оқушылары үлкен ынтамен қатысты: олар өздерінің сүйікті өлеңдерін мәнерлеп айтты, қызықты викторинаға қатысып, ақынның шығармашылығы мен өмірбаянын жақсы білетіндіктерін көрсетті.
Қорытындылай келе, барлық қатысушыларға лайықты қошемет, естелік фотосуреттер және, әрине, тәтті сыйлықтар берілді.
Жас ақындарымыз бен оқырмандарымызға шабыт пен жағымды әсерлері үшін рахмет!