Қыстық демалыс күндері.
4 «В» сыныбында «Эрудит» деп аталатын интеллектуалды жарыс өтті. Оған сыныптың барлығы қатысты. Сынып 3 топқа бөлінді және өз күштерін өте қиын тапсырмаларды орындау арқылы сынап көрді. Жарыс рухы барлық қатысушылардан көрінді. Жеңімпаздар да анықталды, жеңілгендер де болды. Логиканы дамытуға, шығармашылық ой-өрісті кеңейтуге, интеллектті жоғарылатуға 25 тапсырма енгізілді. Балалар келесі сайысты күтуде! Алда жаңа жеңістер.