Телефон доверия
87472570462 (педагог-психолог Постоялко Максим Николаевич); 87079948894 (педагог-психолог Жаксылыкова Еркежан Бауржановна)
email: sosh39@goo.edu.kz
Адрес: М. Горький к-сі, 33 ғимарат
тел.: 67-77-00 факс: 67-77-02
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 18-ден 19-ға дейін
Оцените работу нашего сайта
Голосовать
неудовлетворительно - 106
отлично - 87
удовлетворительно - 58
хорошо - 56
Всего проголосовало: 307
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Тіл-достықтың тірегі»
02-10-2012 05:49
«Тіл-достықтың тірегі»

 

27 қыркүйек 2012 жылы №39 ЖОББ мектебінде тілдер күніне арналған айлық аясында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі Б. Қ. Мұқышованың ұйымдастыруымен 7 «А» және 10 «А» сынып оқушыларымен «Тіл-достықтың тірегі» атты дебат өткізілді.

                                   Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,

                                   Тілімменен тірлікті мүсіндедім,- деген пікірді арқаланған оқушылар «Достық» және «Болашақ» тобы болып сөз жарыстырды. Жақтаушы топ «Тіл -достықтың тірегі» деген пікірді жақтап, «Қазақстанда ассамблея керек деп есептеймін. Менің пікірімше, әрбір ұлт өз тілін, ділін, тарихын ұмытпауы аса маңызды, бұл өте дұрыс,  себебі Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдері бар, олардың да басы бірігуі керек, олар өздерінің қазақстандықтар екендігін сезінуі керек. Жалпы Елбасымыздың жүргізіп отырған саясаты көрегендік деп ойлаймын» деген пікірге тоқталды. Ал даттаушы топтың ең басты спикері: «Ассламбея -  әр ұлт өкілі өз тарихын, тілін, салт-дәстүрін білу, дамыту мүмкіндігі. Мен өзім көп ұлтты сасатты қолдаймын. Әйтсе де, ана тіліміз өзге тілдің көлеңкесінде  қалып қоймаса екен деген тілек білдіріп, ана тіліміздің дамуына өз үлесін қосатындығын баса айтты» Екі топ та өз ойларын еркін, нанымды, дәлелді жеткізе білді. Әйтсе де «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөзін ұран етіп ұстанған «Болашақ» тобы, топ басшысы 10 сынып оқушысы Бегалинова Ғалия, 2 ұпай басымдылықпен жеңіске жетті.

         Айлықтың  соңғы күні  оқу ісінің меңгерушісі З. А. Абылкасова «Дөңгелек үстел» ұйымдастырып, мұғалімдер өзара пікір алмасып, осындай шаралар өткізудің пайдасы, тиімділігі жайлы айтып жатты.