«Менің елім - Қазақстан» сыныптан тыс шара
![«Менің елім - Қазақстан» сыныптан тыс шара](/media/img/blogs/544a25bd08826.jpg)
Қазақ тілі мен әдебиет онкүндіктің шеңберінде, 24 қазанда мәжіліс залында 4-сынып оқушылардың патриоттық сезімін тәрбиелеу мақсатында «Менің елім - Қазақстан» атты сыныптан тыс шара өтті. Балалар Отан туралы өлеңдер оқып шықты. Туған жер, Қазақстан туралы мақал-мәтелдер сайысы ұйымдастырылды. Шараның соңында викторина өткізілді. «Тәуелсіз елім», «Мекенім Қазақстан» әндер шырқалды. Шараға ең белсене қатысқан оқушылары мадақтамаларымен марапатталды.
қазақ тілі мұғалімі А.Н. Құдашева