![Әскери-патриоттық ән байқауы](/media/img/blogs/51876d51756fb.jpg)
Болашақ жастардың патриоттық сезімін, жоғары әлеуметтік белсенділігін арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында, № 39 ЖОМ Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғыстың 68-жылдығына арналған қорғаныс-көпшілік және әскери-патриоттық жұмыс айлығының шеңберінде оқушылар арасында әскери-патриоттық ән байқауы өтті. Оқушылар әскери костюмдерін киіп қойылым көрсетіп және соғыс туралы тақырыптық бейнероликтер, фотослайдтар ұсынылды. Кейін, сахнада соғыс туралы әндер айтылды. Балалар вальс, фокстрот биледі. 5 "В", "Г" сынып оқушылары өте жақсы дайындалды. 5 "А", "Б" сынып оқушылары белсене қатысты. Байқауының мақсаты - болашақ жастардың патриоттық сезімін, азаматтылығын қалыптастыру, Отанға сүйіспеншілігік сезімін ояту. Шығармашылығын арттыру және әскери-патриоттық тақырып әндерін насихаттау. Байқауының ұйымдастырушылары мақсатына жетті және оларға алғысымыз білдіреміз.