Коучинг «Оқуды және оқытуды бағалау»
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Уалиханова Г.А. мұғалімдермен «Оқуды және оқытуды бағалау» тақырыбына коучинг өткізді. Кембридж бағдарламасымен, жеті модуль жайында таныстырып өтті.Психологиялық ахуал,ресурстар таратылып,жұмыс жасауларына жағдай жасалды. «Бағалау» сөзінің мағынасы слайд түрінде ашылды,әр топ постер құрастырды. Рубрикаторға сүйеніп,тапсырмаларды ұпайлармен бағалауды үйренді.Суммативті,формативті бағалауды меңгерді.Критерий бойынша тапсырмаларды орындатқызды.Ой жинақтау үшін,әріптестер бейнетаспадан философиялық мультфильмді тамашалады.
Коучинг мағыналы , мазмұнды түрде өтті.