Ашық сабақ
2014 жылдың 28-қазанында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Минап Г. 8 «г» сыныбында «Дұрыс тамақтану әдебі. Тамақтану мезгілі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар сабақта топпен, жеке, жұппен түрлі формаларда жұмыс жасай отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындады. Қазақша сөйлеу, жазу, ойын жеткізе білу сауаттылықтарын көрсете білді.