2014 жылдың 20 қарашасында қазақ тілі мен әдебиеті мұғаліміУәлиханова Гүлсия Айтимовна 1 «Ж» сынып оқушыларымен «Менің ойыншықтарым. Қуыршақ» тақырыбында ашық сабақ жүргізді. Сабағының мақсаты: оқушыларды сөйлету, қазақ тілінде ойыншық атауларын меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқызу. Уәлиханова Гүлсия Айтимовнаның сабағына келген облыс пен қала мұғалімдері алғыс білдірді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Сабаққа филология ғылымдарының кандидаты, профессор,ТҒА академигі, С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі Зейнуллина Айман Файзулловна мен облыс мұғалімдері қатысты. Айман Файзуллаевна сабаққа «Мұғалімнің біліктілігі жоғары. Сабақ көрнекілікпен жабдықталған. Оқушылар шығармашылық белсенділікпен сабаққа қатысты. Сабақ беру талаптарына сай» - деп жоғары баға берді.
Ашық сабақ 20 қараша 2014 жылы