2016 жылғы желтоқсан айында бастауыш сынып оқушыларының III Республикалық ғылыми және шығармашылық жұмыстарының қорытындысы өтті. 3 "Г" сынып оқушылары жарысқа белсене қатысып және үздік нәтижелерге қол жеткізді. Жарыстың жеңімпаздарын құттықтағымыз келеді: Байтубаев Батыржан – "Жануарлар" секциясында 1 орын. Алиева Индира – "Денсаулық құпиялары" секциясында 1 орын. Индира "Талантоха" халықаралық зерттеу жұмыстарының жеңімпазы болды. Жарайсыңдар балалар! Алда тек жеңістер тілейміз.