Халықаралық фестиваль сайысының жүлдегерін құттықтаймыз!
Астана қаласында өткізілген халықаралық «Рождественские звезды» атты фестиваль сайысының 1 орын жүлдегері №39 жалпы орта білім беру мектебінің 3 «А» сыныбының оқушысы Акильбекова Анель атанды. Сайыста «Толғау» әнін шырқап бүкіл халықты таң қалдырды Мусургалиева Диана «Astana Stars» директоры Акильбекова Анельді диплом және медальмен марапаттады. «Жеңешай» тобының мүшесі «Жігер» клубының тәлімгері Анельдің жетекшісі Сәрсебеков Батырбекке алғысымыз шексіз. Сынып жетекшісі және 3 «А» сынып оқушылары атынан Анельді алған жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Анельге алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз.