2016 жылдың 28 қараша күні 7 «Е» сыныпта ҚР-ның ұлттық валютасына арналған сынып сағаты өтті. Мақсаты: экономикалық білім негіздерін қалыптастыру, ақшаның пайда болуы туралы жалпы түсінік, адамның тарихи дамуында оны қолдануы, қазіргі замандағы оның рөлі. Қазақстандық патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет. Балалар нумазматика ғылымы туралы, теңгенің шығу тарихы, ақшаның мәні мен рөлі туралы білді. Топта жұмыс істеп, кластер құрды, сауалнама сұрақтарына жауап берді.