Тәрбие – мектептің ең басты жүйесі. Тәрбие жүйелі болса, табысты болады. Тәрбие сағатының тақырыбы «Теңге – ҚР мемлекеттік белгісі». Оқушылар Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат алды. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек танысты.