«Менің елім-Қазақстан» 24 қараша күні 3«В» сыныбында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай сыныптан тыс шара өтті. Мақсаты: балаларды туған жерін,елін сүюге, қадірлей білуге тәрбиелеу. Шара бірнеше ойын кезеңдерінен тұрды.Балаларға «Бәйге»,«Жеті жұрттың тілін біл», «Қоржын сый», «Жүзден жүйрік» сияқты кезеңдер ерекше ұнады. Сынып оқушылары арнайы әдіс арқылы 3 топқа бөлінді.Әр топ белсенділік танытып,бірлескен түрде қызығушылықпен қатысты. Мұғалімдер: А.М.Сейтқазина және М.Г.Идрисова