Республикалық «Бір ел- бір кітап» акция жобасы бойынша биыл оқырмандарға жазушы Илияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын егжей- тегжейлі оқу ұсынылды. Осы науқанға мектеп оқушылары да ат салысуда. Мысалы қаламыздың №39 жалпы орта білім беру мектебінде жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Есембаева Бақтылы Иланбекқызы 11 «Б» сынып оқушыларымен кітапханада әдеби кеш өткізді. Артық болмас білгенің демекші, оқушылар сабақта алған білімдерін ұштап, жазушы өмірі, шығармашылығы туралы ой бөлісті. Бірі қабырға газетін шығарса, бірі елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Илияс Есенберлин туралы жазған пікірін оқып берді. Кітапхана меңгеруші Қалиева Қорлан Ағзамқызы қосымша мағлұмат берді.