Бүгін желтоқсан айының 18 жұлдызында тарих - географиялық апталығы аясында өткізілген "Жас табиғаттанушы" атты сайысы 5 "А" сынып оқушылары арасында өтті. Сайыс оқушылардың дүниетанымын кеңейту, сабақ барысында алған білімін тексеру және білімін шыңдау мақсатымен ұйымдастырылған. Сайыс 3 турдан құрастырылған. Бірінші тур: викторина ойыны. Барлық оқушылар атсалысып, сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинастырды. Екінші тур: сәйкестікті тап ойыны. Әр оқушы өздігінен тапсырманы орындап, көрші отырған сыныптасының жауап парақшасын тексерді, ұпай санын белгіледі. Үшінші тур: ғұлама ойыны. Оқушылар "жаратылыстану" сөзінен әріптерді алмастырып жаңа сөздерді құрастырған болатын. Тапқан сөздер саны ұпай санына айналды. Үш турдан жинаған ұпай саны қосылып, жеңімпаздар анықталды. Тарих - география апталығы аясында өткізілген "Жас табиғаттанушы" атты сайысының І орын иегері - Садыкова Индира, ІІ орын иегері - Болатбек Бекжан, ІІІ орын иегері - Есен Арман. Жеңімпаздар мақтау қағазы мен сыйлықтармен марапатталды. Белсенділік таңытқан барлық сынып оқушылары ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Өткізген: география пәнінің мұғалімі Тугайбаева А.Т.