11 – желтоқсан күні 4 «Ж» сыныбында «Тіл - білу өнер» атты тақырыбында интелектуалдық сайыс өтті. Ең алдымен оқушылар тіл туралы бейнежазбаны тамашалады. Бұл интелектуалдық сайыста оқушылар ІІІ топқа бөлінді. І топ «Қазақстан», ІІ топ «Астана», ІІІ топ «Атамекен». Сайыс 6 бөлімнен тұрады, әр бөлімде әр түрлі тапсырмалар болды. Сайыстың қорытындысы бойынша «Астана» тобы жеңді. Өткізген : Усина А.А. Аяпбергенова М .К.