2015 жылдың 16 қыркүйегінде «Тілдер айлығы» аясында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Тұмарбекова Назгүл Елубайқызы 5 «Г» сынып оқушыларымен «Отбасы – ошақ қасы» тақырыбында жарыс өткізді. Жарыстың мақсаты: оқушыларды сөйлету, отбасы сыйластығы, отбасы мүшелерін сыйлауға тәрбиелеу, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқызу. Оқушылар жарысқа белсенді қатысты. Өз отбасыларының суреттері, фотосы бойынша әңгіме құрастырды. Жарыста оқушылар топқа бөлініп, отбасындағы жағдайларға байланысты қойылымдарда ойнап, өздерінің әртістік қабілеттерін көрсете білді, топта бірлікпен жұмыс істей білетіндерін көрсете білді. Топтық жарыста достық жеңіп, қатысушылар тәтті сыйлыққа ие болды.