«ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ»
9 қыркүйек сенбі күні қалалық «Денсаулық күні» фестивальі өтті. Фестивальға 16 жасқа толған барлық балалар қатысты. Қатысушылар спорттың барлық түрінен өз күштерін көрсете алды. Біздің де №39 мектеп сыртта қалған жоқ. 9-10 сынып оқушылары жүгіруге қатысты.Барлық қатысушылар Естай атындағы мәдениет сарайынан бастап өзен портына дейін жүгірді. Өзен портының маңында ойын-сауық бағдарламалар ұйымдастырылды. Біздің мектеп оқушылары жүгіруден кейін флэш-мобқа қатысты.