Жаңа 2017-2018 оқу жылының 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Мектепке жол» атты акциясын өткізеді.
Бұл акцияның мақсаты - аз қамтылған отбасылардағы оқушыларды оқу жылына дайындау, нашар жағдайдағы отбасылардың проблемаларына назар аудару, ұйымдардың және облыс тұрғындарының қайырымдылық қызметіне жағдай жасау.
Әрқайсысымыз көмекке мұқтаж және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепке дайындауға көмектесу мақсатында
мектептің веб-сайтында «Қамқорлық» акциясын жарияладық.
Осы науқанға қиын өмірлік жағдайға тап болған балалардың тағдырына қамқорлық жасайтын, мұқтаж балаларға мереке сыйлай алатын әрбір адам қатысты.
Мен № 39 мектептің ата-аналарына және оқушыларына алғысымды білдіремін.
Сіздердің белсенді азаматтық позицияларыңыз адамгершіліктеріңіздің жоғары дəрежеде екендігін дәлелдейді.