2017 жылдың 6 қазанында №39 мектептің 5 «А» сыныбы өнерге өзіндік сара жолын салып кеткен М.Шамсутдинованың мұражай – үйіне экскурсия жасап қайтты. Бұл мұражай – үй Павлодар облысындағы Потанин атындағы тарихи – этнографиялық мұражайдың филиалы болып табылады. Мұражай – үйді Абдул Фаттах Рамазанов деген саудагер тұрғызған. Негізінен М.Шамсутдинова басқа үйде тұрған, өкінішке орай қазір ол үй жоқ.
Бізге ұсынылған экскурсия өте қызықты, әрі көп нәрсе білдік. Мұражайда екі зал бар. Бірінші залда 20 шақты қолданылған үй құралдары мен киімдер бар. Және М.Шамсутдинованың жастық шағынан фото – суреттер бар. Ал екінші залда оқушылар М.Шамсутдинованың өнерімен, қазақтың ұлттық аспаптарымен танысты. Естелік ретінде балалар арнайы кітапқа өз алғыстарын жазып қалдырды.
Бас кеңесші Гашева А.А.
МАЙРА ШАМСУДДИНОВА МҰРАЖАЙ – ҮЙІНДЕ ӨТКІЗІЛГЕН ЭКСКУРСИЯ