АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
![АШЫҚ ЕСІК КҮНІ](/media/img/blogs/5a680a4dddfd4.jpg)
2018 жылы 20 қаңтарда 5, 7 сынып оқушыларының ата-аналарына мектепте ашық есік күні өтті. Осы сыныптарда оқитын оқушылар жаңартылған білім мазмұны бойынша оқиды. Жаңа оқыту жүйесі бойынша ата-аналарда өте көп сұрақтар туындайды. Сабақ беретін мұғалімдер ата-аналарға жиынтық бағалау бойынша әртүрлі сұрақтарға жауап берді және оқушылардың портфолиоларымен таныстырды. Ауа райына қарамастан мектепке өте көп ата-ана келді. 5в сынып ата-аналары толық құрамда болды. Кейбір ата-аналар ұстаздарға алғыстарын білдірді.