Телефон доверия
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Тілдер айлығы
01-10-2012 04:16
Тілдер айлығы

2012 жылғы 27 тамыздан 28 қыркүйек аралығында өткен«Тілдер айлығы»  аясында мемлекеттік тілде оқытылатын мектепте келесі шаралар ұйымдастырылып, өткізілді: 9-10 сыныптар арасында Республикалық акция аясында өтетін «Бір ел-бір кітап» атты Оралхан Бокеев шығармашылығына арналған әдеби кеш(Дюсенбина Г.А.), «Язык-опора дружбы» 7-8 сыныптар арасындағы шығармалар сайысы(Мукатова Л.О.),11-сынып оқушылары арасында Ұлттық мәдени жоба аясында өтетін «Полиглот» атты 3 тілдегі сайыс (Турсынхан Б.Х.).Қорытынды болып «Халықаралық бірлік-ел мұраты» атты 5-8 сыныптар арасында  Ұлттар фестивалі өткізілді. Әрбір сынып 4 турға берілген халықтың 1-презентациясын, 2-музыкалық номерін, 3-ұлттық тағамын, 4-өз тіліндегі өлең шумақтарын  қызығушылықпен дайындады. Тілдері келмесе де, басқа елдің тілімен сөйлеп, тарихымен таныстырып жатқан балаларға қарасаң, көзіңе жас келеді. Бұл шараға қатысқан оқушылардың белсенділігі, шығармашылық дайындықтары олардың жоғары қызығушылығын көрсетеді. Менің ойымша, осындай шаралар өзге тілдің бәрін біліп, өз тіліңді құрметтеуге шақырады.