Физика математика және информатитка онкүндігі
К.Макпалеев атындағы №4 жалпы орта мектебінде 13.11 – 26.11.2012ж аралығында физика математика және информатитка онкүндігі аталып өтілді.
Бұл шараға 5-11 сыныптардың барлығы белсенді қатысты. Сыныптарда ашық сабақтар мен сабақтан тыс іс – шаралар да өткізілді.
«Информатика ғажайып әлемі», «Озық ойлы оқушы», «Жас физик» атты түрлі ойын – сайыстар өткізілді. Бұл ойындардың мақсаты, оқушылардың қызығушылықтарын оятып, белсенділіктерін арттыру еді.
11 қараша күні 6 – сыныптарда математикалық «Озық ойлы оқушы» атты интеллектуалды ойын - сайыс өтті. Бұл сайысқа екі сыныптарда ең озық, жүйрік оқушылары белсенділік қатысып, 1-ші және 2-ші жүлделі орынға ие болды.