Телефон доверия
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Әй, жарайсың!» - ІІІ орын
05-02-2014 04:54
«Әй, жарайсың!» - ІІІ орын

 

2014 жылдың 30 қаңтарында №16 мектеп-лицейінде мемлекеттік тілді насихаттау мен қолдау мақсатында жыл сайын өзге ұлт өкілдері арасында ұйымдастырылатын қалалық «Әй, жарайсың!» сайысының ақтық сыны өткізілді. Біздің мектептен «Асау арғымақ» тобы қатысты. Топты сайысқа дайындаған мұғалімдер: Әубәкірова Ғ.Ш., Бақтыбаева А.Б., Қапезова Г.Е. Ақтық сынға шыққан 11 мектептің өзара жарысы сайыстың әрбір кезеңі сайын қыза түсті. Осындай қиын жарыста намысты қолдан бермеуге тырысып, бар күшін салған біздің топ жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жарайсыңдар, «Асау арғымақ» тобы! Құттықтаймыз!