Құрметті әріптестер! Елордасы – Астана күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығында мемлекетіміз көпұлтты Қазақстан халқының қайратты еңбегі арқылы аз уақыт ішінде қарқынды дамыды. Бүгін Астана – заманауи үлгіде құрылған әлемдегі ең сәулетті, көрікті қалалардың біріне айналды. Қымбатты жерлестер! Сіздерді мерекемен құттықтаймыз және бақыт, есен - саулық, жақсылық, Отанымыз – Қазақстан Республикасының жаңа жетістіктерге жетіп, белестерге шығуына қажырлы еңбек тілейміз!