Эколог күні
Эколог күні. Күніміз қызықты әрі ойын-сауықтарға толы болған. Күнделікті таңғы жаттығулардан соң балалар Бұхар Жырау атындағы мұражайға барған еді. Мұражайда «Шуақты жаз» атты театрланған көрініс ұсынылған болатын. Балалар кейіпкерлермен билеп, уақыттарын көңілді өткізген. Бірнеше топтар ашық аспан астындағы мұражайға барып, тамашалаған. Бұл жерде балалар қаламыздың тарихымен жақынырақ танысқан еді. Балаларға хайуанаттар бағындағы жануарларды көріп, қуанышқа толы болған. Олар жануарлармен суретке түсіп, тамақтандырып, сипап-ұстағанға көңілдері толысып келді.