Балалар техникалық мектебіне саяхат
![Балалар техникалық мектебіне саяхат](/media/img/blogs/5bdc80f6912ab.png)
1 қараша күні 3 «В» сынып оқушылары «Балалар техникалық мектебіне» экскурсияға барды. Авиамодель шеберханасында балаларға ұшақтардың түрлі модельдерін жасауды көрсетті. Автомобиль шеберханасында балалар түрлі көлік түрлерін жасады. «Сувенир» студиясында балаларға кез-келген заттардан бұйым жасауға болатынын түсіндірді. Робототехника шеберханасында «Лего» конструкторлары арқылы радиобасқарылатын роботтар құрастыруға болатынына көз жеткізді. Балалар өткізілген экскурсияға риза болды.