Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Наурыз есім
18-03-2021 10:25
Наурыз есім

Көктемнің жаршысы мен жанашыры болған Наурыз айы кімге болса да ыстық. Айнала құлпырып, мамыражай көңіл-күй мен қонақжай мейірім орнайтын бұл айды қазақ халқы ерекше құрметтеп, дүниеге келген сәбиге наурызды ырымдап, жақсы ат қоюға тырысқан.

Халқымыз наурызда дүние есігін ашқан балаларға Наурыз, Наурызбай, Науырызғали, Наурызбек, Наурызмұхамет, Наурызәлі, Наурызбас, Наурызжан, Наурызхан, Наурызмахамбет сынды есімдерді қойған. Кейінгі жылдары қойылған Наурызгерай деген де есім болған. Наурызды қысқаша қайырып «науан» деп те атаған. Наурыз есімін арқалаған жандарды «Науан» деп еркелетіп жатады.
Ал қыз балаларға Наурыз, Наурызбике, Наурызгүл, Наурызек, Науан есімдерін қойған. Көктем мағынасын білдіретін Баһар, Баһаргүл есімдерін де берген.