«Самарқанның көк тасы"
Қазақ тілінің баю, толығу жолдарының бірі тіліміздегі сөздердің мағыналық өзгеріске түсуі, олардың мағыналарының тарылуы немесе кеңеюі екені айтылып келеді. Тіл ғылымында мұны семантикалық үрдістер деп атайды. Осындай семантикалық үрдістердің қатарында Наурыз мерекесі қарсаңында айтылатын «Самарқанның көк тасы жібиді» деген сөз бар.