Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Наурыз мерекесі құтты болсын!
22-03-2021 12:09
Наурыз мерекесі құтты болсын!

Қазақ наурыз мерекесін ұлыс тойын, үш күннен тоғыз күнге дейін жалғастырып тойлаған. Наурызды құт мейрамы немесе көктем мерекесі деп атаған. Бастапқы үш күнде құт басы, ортаңғы үш күнді құт ортасы, соңғы үш күнді құт аяғы деп білген. Осы үш үштен тогыз күнде үйіне қонақ көп келсе, ырысымыз тасыды, бағымыз жанды, адамдар арасындағы бет-беделіміз өсті, тілегіміз қабыл болды деп қуанған. Одан біз қазақ халқының өте қонақжай, кең пиғылды, дана халық екенін түсінеміз. Ол ғана емес-ау уақыт, өмір деген тағылымды дәстүрді өзінің әлеуметтік тіршілгімен қоса отбасындағы күнделікті тірлігіне айналдырып жіберген. 

Наурыз — ежелгі мәдениеті дамыған елдің бірі Иранның «нау» — жаңа, «рыз» — күн, яғни жаңа күн деген сөзінен шыққаны көпке бұрыннан-ақ белгілі. Бұл қазіргі күн есебі бойынша наурыздың 22-жұлдызына сәйкес келеді. Қазақтар да бұл күнді Жаңа жыл, ырыс, береке мереке, жыл басы деп есептейді. Ұлыстың ұлы күні жұрт жұмыс істемейді, сапарға шықпайды, бастамайды, ешкімді ренжітпейді. Бұл күні барлық даланы Қыдыр ата аралайды.