Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ұлттық тағамдар күні
19-03-2011 04:21
Ұлттық тағамдар күні

Наурыз мерекесінің қарсаңында біздің мектепте көп шаралар жүргізілді. Осылардың арасында 8-9 сыныптар аралығында "Ұлттық тағамдар күні" де өтті. Балалар қазақ, орыс, украин, беларус, неміс, болғар т. б. ұлт тағамдарын дайындады. Оқушылар өз тағамдары туралы өте қызықты, түсінікті әңгімелеп, аталмыш шараға шын ниетінен қатысқандарын көрсетті. Бәрі дәмді, әдемі, керемет! Әділқазы мүшелері алдында күрделі мәселе туды. Біраз ойланғаннан соң, қазылар былай шешті: 8"А" сынып - "Гран-при" (орыс асүйі); 9 "Г"  - І орын (неміс асүйі); ІІ орын - 9 "Г (беларус асүйі) және 9 "В" (қазақ асүйі). 8 "А" сынып оқушылары сынып жетекшісімен бірге өз тағамдарымен залға ұлттық киім киген түрде өлең айтып кіріп, қонақтарды кең дастарқандарына шақырды. Қазылар мен көрермендер өте риза болды. Наурыз құтты болсын!