Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Наурызды тойлау
22-03-2011 05:22

Ең ұзақ тоқсанның соңғы күні біз Наурызды тойладық. Балалар сурет сайысына, мереке туралы қосымша ақпарат іздесуіне белсене қатысты. Азизова Анжела, Пятибратова Алина, Асикеева Индира Наурыз тарихынан өте қызық материал дайындап әкелді. Антикалық, ортағасырлыр ғалымдарының еңбектерінде Наурыз өте көне мереке екендігі дәлелденеді. Қыздар Наурыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен таныстырды. Мерекеміз ұлттық ойындарымен жалғастырылды. Кучма Саша балаларды "Бала алды" деген қазақ ойынға үйретті. Саримов Султан бурят асық ойынын көрсетті, Саукенова Зарина - "Қыз қуу" қазақ ойынын, ал Шараватова Даша доппен орыс ойынын үйретті. Көп ойын үйрендік, көктем демалысын қызықты өткіземіз, дейді балалар. Мейрамымызды ұлттық тағамдар көрмесімен жалғастырдық. Әр отбасы белгілі бір ұлттық тағам дайындап әкеліпті. Барлық тағамдардан дәм татып, тойып, ойнап, күліп, мерекелерімізді аяқтадық. Мен өз оқушыларыма, ата-аналарыма өте ризамын, алғыс білдіремін. Балаларым әрқашанда осындай өнерсүйгіш, іздемпаз бола берсін!  Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Зор денсаулық, бақыт тілеймін!

№ 5 ЖОББМ-нің 4 "Г" сынып жетекшісі Ж. Т. Қаужапарова