Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Сүйікті кітабымның жарнамасы»
09-04-2011 06:26
«Сүйікті кітабымның жарнамасы»

Оқырман болу – ұлы, шексіз өнер, өмір бойы бұл шеберлікке үйрену керек. Жақсы кітап таңдап алу әркімнің қолынан келмейді. Оқырманға жол көрсетіп жүру қажет. Оны жас кітапсүйгіштермен дұрыс жұмыс ұйымдастыру арқылы жүргізуге болады. 2011 жылдың 7 сәуірінде біздің 4 «Г» сыныбында сүйікті кітабымыздың тұсау кесер тойы өткізілді. Балалар зор жауапкершілікпен қатысты. Шара «Кітап – менің отбасымда» деген сөйлесуден басталды. Әр бүлдіршін оқырманның жеке кітапханасы туралы және қай кітапты бүкіл отбасымен оқиды екендігі туралы сұрақтар көп болды. Кітап – білім бұлағы, дейді халық. Содан соң балалар өз сүйікті кітабы туралы әңгімелеп, басқалардың назарын осы кітапқа аударуға тырысты. Ең жақсы жарнамалар Штапаук Юрий, Азизова Анжела, Силкин Даниил, Саукенова Зарина, Саримов Сұлтан, Асикеева Индира, Пятибратова Алиналардікі болды.

   Кітаптарды балалар талап алды! Менің осы шараға көп көмек көрсеткен ата-аналарға зор алғысымды білдіргім келеді.

 

№ 5 ЖОББМ 4»Г» сынып жетекшісі Ж. Т. Қаужапарова