Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Біз «Оқитын кітап» жобасына қатысамыз!
26-11-2021 10:35
Біз «Оқитын кітап» жобасына қатысамыз!

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен он жобаның бірі - «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы. Мақсаты: ел болашағы – жас ұрпақты рухани бай, рухты, мәдениетті, кемел білімді болуға баулу.
Осыған орай, биылғы 2021-2022 оқу жылында Павлодар қаласының №5 жалпы орта білім беру мектебінде «Оқитын кітап» жобасы бастау алды. Жаңа бастама мектеп оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, еліміздің танымал ақын-жазушылары мен әлем қаламгерлерінің еңбектерімен танысуға мүмкіндік береді және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға өз үлесін қосады деген ойдамыз.
2 «Ә» қазақ сыныбында да жеке бағдарлама бойынша балалардың жас ерекшеліктеріне қарай әдеби кітаптар таңдалып, танысу басталды. Кішкентай оқырмандарды әсіресе, ертегілер әлеміндегі кейіпкерлердің басынан кешкен қилы оқиғалары, балаларға арналған қысқа әңгімелер мен жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер қызықтыра түсуде. Бұдан былай, әр оқушы өзі оқып-тоқыған әдеби шығармасын әр апта сайын сыныптағы достарымен бөлісетін болып келісті.
Балақайлардың алғашқы талпынысына табандылық пен сәттілік тілейміз!
А.Молдаш.