Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Тәуелсіздік күні" атты мерекелік шара
16-12-2021 10:09

Тәуелсіздік күні қарсаңында, сондай-ақ "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және біздің мектепте қазақ тілі апталығы өтуде, мектеп кітапханасы М. Жамабалинов атындағы орталық балалар кітапханасымен бірлесіп "Тәуелсіздік күні" атты мерекелік шарасын ұйымдастырды. Ауқымды шараның мақсаты: білім алушыларға патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін, мемлекеттік рәміздерге, өз елінің дәстүрлеріне, тарихына, мәдениетіне, Қазақстан Республикасының Конституциясына мақтаныш сезімін және құрметпен қарауды тәрбиелеу.
6 «Б» сынып оқушылары Тәуелсіз мемлекеттің белгілерін өздері анықтауға, сондай-ақ аналитикалық қабілеттерін, өз пікірін айта білу қабілетін дамытуға, сыныптастарымен бірлесіп жұмыс жасауда жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге тырысты. Балаларға ұсынылған тапсырмаларды өте жақсы орындады, викторинаның барлық сұрақтарына және іс-шара тақырыбы бойынша жауап берді, Осы өткізілген шара балалар үшін бекер өтпейтіні көрініп тұр. Қазақ тілі мұғалімі Макеева Айнаш Калеловнаның мен Батталова Нұргүл Қайсановнаның арқасында балалардың танымдық қабілеттері зор деп айтуға болады. Оқушылар "Тәуелсіздік – ел тұғыры" кітап көрмесімен танысып, өздеріне қажетті ақпаратты ала алды.