Құқық бұзушылықтың алдын алу
Кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп инспекторы Ермекова Нұргүл Даулетқызы балалармен әңгіме жүргізіп, ұрлық, бопсалау, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілікке тоқталды. Балаларға қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатыны және құқық бұзушылық пен қылмыс жасағаны үшін қандай жаза түрлері қолданылатыны түсіндірілді. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар мектептегі, қоғамдық орындардағы және демалыс кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелері туралы айтты.
Инспектор мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап беріп, тек профилактикалық әңгімелесу үшін кездесетініне сенім білдірді