Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 33 жыл толуына арналған баскетболдан жыл сайынғы жабық турнир өтті.
16-02-2022 12:21
Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 33 жыл толуына арналған баскетболдан жыл сайынғы жабық турнир өтті.

2022 жылғы 13 ақпанда "Павлодар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де оқушылар арасында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 33 жыл толуына арналған баскетболдан жыл сайынғы жабық турнир өтті. Осы турнирге жеті команда қатысты: қаламыздың № 3, 4, 5, 27, 36 жалпы орта білім беру мектептері және № 8, № 16 лицейлер.

Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша өткізілді.
Қажырлы күрес нәтижесінде турнирде № 16 лицей ІІІ орынға ие болды.
№ 4 ЖОББМ-нің құрама командасы күміс алды.
Турнирдің жеңімпазы №8 лицей командасы болды.
Барлық кездесулерге баскетбол төрешілер бригадасы қызмет көрсетті: бас төреші В. С. Шибаков, төрешілер – В. С. Артемов, А. Е. Сушин.
«№5 ЖОББМ» дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Чернышов М. Н