Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Сөйлеудің жалпы тазалығы: сөзімізді тазартамыз»
31-03-2022 13:29
«Сөйлеудің жалпы тазалығы: сөзімізді тазартамыз»

Наурыз айының 31-нде тоқсанның бірінші күні 9-сыныппен аралығында қазіргі өмірде өте өзекті болып отырған «Сөйлеудің жалпы тазалығы: сөзімізді тазартамыз» тақырыбында сынып сағаты өтті. Столяров В.П., «Зайырлылық және Шешендік өнер» пәндерінің оқытушысы сөз алды . Ол өз әңгімесінде балағат сөздердің шығу тарихы, оның бұрынғы заманда қолданылуы, адамның эмоционалдық жағдайына әсері, дөрекі сөздерді пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік, жалпы сөйлеу мәдениеті туралы мәселелерді көтерді. Сынып сағатында балалар: ОТБАСЫ, ДОСТЫҚ, БАЛАҒАТ сөздеріне ассоциативті тізбектер құрастырды, бұл ассоциациялар қатарының қалай өзгеретінін көрсетті. Күнделікті өмірден әдепсіз сөздерді жоюдың әртүрлі нұсқалары ұсынылады. Сондай-ақ, жолдардың бірі ретінде, мүмкіндігінше көбірек классиктерді оқу қажеттілігі туралы айтып өтті.